Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » “Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті

“Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
“Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті
Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде бүгін «Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсат — зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, психологиялық көмек көрсету, репродуктивті денсаулық сақтау және жас ұрпақтың жауапсыз мінез-құлқының қаупі туралы ақпараттандыру. Жас өспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеп,
Іс-шараға аудандық білім бөлімінен әдіскер Г.Досқара, аудандық әкелер мектебінің төрағасының орынбасары А.Қожагелдиев, Бадам ауылдық емхана фельдшері Ж.Сопбекова, Ордабасы АПБ ЖПК УПИ полиция майоры Е.Сухановтың қатысуымен өтті.
Сонымен қатар,»Жас өспірімдердің психикасы мен тәрбиесіне зиянды әдеттердің әсері» тақырыбында педагог-психолог Лаура Нұрбаева мен сынып жетекші Айгүл Сұлтанмұрат ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші Куленов Сұлтанбек әкелерді қонаққа шақырып «Әке көрген — оқ жонар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе, «Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін әсері» тақырыбында мектеп медбикесі М.Туребаева мен биология пәнінің мұғалімі С.Тұрдықұл, осы тақырыпқа байланысты қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Қожасейітова, 8 сынып оқушыларына Эссе жаздырды. Еңбек пәнінің мұғалімі А.Тұрсынай 8 сынып оқушылармен сурет салу айдарын жүргізді.
Қорытындылай келе, мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өміріміздегі ең жарқын жастық шақтарында дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңдар!», «Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын!», «ХХІ ғасырдың азаматтары, ғаламдық дертке жол бермейік!», деген сынды денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған кеңестер іс-шара маңызын арттыра түсті.
Төлебилік ұстаздар әулетінің жалпы еңбек өтілі — 130 жылды құрайды
Ленгір қаласында үлгілі Бекішевтер отбасы тұрады. Әулеттің үлкені Бекішев Мырзаш ата өмірінің 40 жылын білім беру саласына арнаған. Ақсақалдың зайыбы Есенова Гүлбазар әже де білім беру саласында 40 жыл еңбек етті.
Мырзаш Бекішұлы Ленгірдегі №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектепте физика және математика пәндерінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Ал Гүлбазар Махмудқызы аудан орталығындағы мектеп-интернатта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, №6 жалпы білім беретін мектепте де оқу ісінің меңгерушісі, «Қарлығаш» бөбекжайының меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ардагер ұстаздардың екеуі де бүгінде бейнеттерінің зейнетін көріп отыр.
Ата-әженің қолында тұратын ұлы Данияр Бекішев те мамандығы бойынша мұғалім. Педагогикалық өтілі 23 жылды құрайтын, педагог-шебер санатты Данияр Мырзашұлы біраз жыл әкесі ұзақ жыл ұстаздық еткен жоғарыда аталған мектепте физика пәнінен сабақ береді.
Қазіргі кезде Ленгірдегі мамандандырылған мектеп-интернаттың мақтаулы мұғалімі. Оның зайыбы Гүлмира Бекішева да педагог. Гүлмира Мырзабайқызы жоғары оқу орнын бітіргелі Ленгірдегі бөбекжайдың педагогы болып қызмет атқарып келеді. Жиырма жеті жылдық тәжірибесі бар Гүлмира ханым мектеп жасына дейінгі балаларды музыкаға баулып жүр. Бүгінгі таңда Бекішевтер әулетінің жалпы педагогикалық өтілі 130 жылды құрап отыр.
Түлкібаста “ Жаңа күн — Жаңа Қазақстан” атты айтыс өтті
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінде «Жаңа күн — Жаңа Қазақстан!» тақырыбында «Жас ақындар — импровизаторы» байқауы болып өтті.
Айтысты алға тартып, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік ұстаздары дәріс беретін сыныптарындағы оқушыларын айтыс өнеріне баулып, бар шеберліктерін ортаға сала білді. Сайланған 6 жұптың ішінен «Туған тілім — тұғырым»,»Туған тілім — мақтанышым»,»Көк тудың желбірегені»,Тіл — тұмарым» тақырыптары аясында ойлар қамтылды.
Әділқазылар шешімімен айтыскер жеңімпаздар: Қолдас Иманғали, Қуан Рамазан, Темірбек Нұрдана арнайы Мақтау қағаздарымен марапатталды. Тартысты да, қызықты өткен өнер додасы барысында мектеп жасындағы жас айтыскерлер өздерінің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін айрықша, шебер жеткізе білді.
PISA халықаралық зерттеу бойынша оқыту- семинары өтті
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде бүгін PISA халықаралық зерттеуі барлық пән мұғалімдері мен білім алушыларына арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, оқыту-семинары өткізілді.
Аталған халықаралық зерттеу туралы мектеп директоры Н.Асилбеков білім алушыларға PISA халықаралық зерттеуінің мақсатын, өткізілу тәртібі мен ережелерін айтып өтті. PISA 15-жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әр үш жыл сайын өткізеді.
PISA зерттеуінің нәтижесінде қатысушы елдер ұлттық білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оны одан әрі дамыту үшін жаңа реформалар мен бастамаларды әзірлеу үшін объективті деректер базасын алады. Зерттеуге қатысу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуындағы трендтерді өлшеуге мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, PISA нәтижелері әртүрлі білім беру жүйелерін алмастыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде жетекші елдердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық PISA зерттеуіне Түлкібас ауданы 2021 жылы түсіп, ауданымызда А.Асқаров және А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ қатысқан болатын. Тапсырылған зерттеу нәтижесі бойынша жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр.
Сауранда практикалық оқу-жаттығу өтті
Түркістан облысы білім басқармасының 19.09.2023 жылғы №42-01-11/7042 санды хатына сәйкес, осы жылдың 28 қыркүйек күні сағат 10:00-де аудандағы барлық білім беру мекемелерінің базаларында төтенше жағдайлардың алдын алу және объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі практикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Аталған оқу-жаттығуға Сауран ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы мамандары келіп, мектеп әкімшілігіне және оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Практикалық іс-шара барысында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мектептің айналасын оқшаулап, криминалист мамандары шұғыл түрде өз істерін атқарды.
Сонымен қатар, практикалық оқу-жаттығуы шеңберінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне, төтенше жағдайлардан сақтану алгоритмдері бойынша іс-әрекеттер жүзеге асырылды.

Пікір жазу