Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

Оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті
«Төрт тоқсанға — төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы болып өтті.
Айтыс мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу.
Айтысқа аталған мектептен 4 жұп, Аманкелді мектебінен 1 жұп, С.Қожанов мектебінен 1 жұп қатысып, өнер көрсетті.
Атап айтсақ, А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінен:
1. Ильяс Нұрислам – Алтынайдар Асылзат
2. Әбіқайыр Абылқазы – Бектұрсын Айару
3. Төлеу Думан – Әбілқайыр Алина
4. Әбілқайыр Шалқар – Тұрсынбек Әмина
Аманкелді жалпы білім беретін мектебінен:
5. Сейілхан Ақбота — Ыбайда Аружан
6. С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептен Омархан Ұлдана.
Аталған оқушылар «Туға жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында ойларын ортаға салып, ұлттық құндылығымызды дәріптей білді.
Әділ қазы алқалары тақырыптың жан-жақты ашылуына, ой тереңдігіне мән беріп, жұптар арасынан ерекше даралаған оқушыларды атап өтті.
Және де аудандық кезеңге аты аталған айтыскерлер жолдама алды.
Ильяс Нұрислам, жетекшісі — А. Ихласова, Бектұрсын Айару, жетекшісі — А.Қайназарова.
Қорытынды сөз кезегі мектеп директоры С.Мынжасароваға берілді.
Іс-шара соңында қатысушы айтыскерлер марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Жетісайлық егіз ұстаздың жеткен жетістігі көп
Жетісай ауданы Асық ата кенті, Ж.Ералиев елді мекенінде 1989 жылы дүниеге келген егіздер — Айман, Шолпан Ниязбековалар бүгінде ұлағатты ұстаздар! Егіздердің мамандық таңдауда ойлары да бір жерден шығыпты. Бүгінді екеуі де ұстаз деген құрметті атаққа кір келтірмей, абыроймен қызмет атқарып келеді.
Қазіргі таңда Айман Ырысқызы, Қазыбек би ауылындағы №17 «Түркістан» жалпы білім беретін мектебінде химия пәнінен сабақ береді. Өз пәнін жетік меңгерген ұстаз, химия пәнін үш тілде оқытады. Шәкірттері аудандық білім сайыстарында бірнеше рет жүлдегер атанған. А.Ниязбекованың «Химия сабағында оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйретудің теориялық-практикалық шарттары» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жарық көрген. Ол аудандық семинарларда үздік ашық сабақтар өткізіп, пән апталықтарында әркез жаңаша әдіс-тәсілдермен сабақты түрлендіре өткізуді өзіне мақсат тұтқан, жаңашыл педагог! Ал, Шолпан Ырысқызы №17 И.Байзақов ЖББ мектепте химия және орыс тілі пән мұғалімі. Көп балалы ана. Шәкірттері облыстық сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ертеңгі мемлекеттің болмысы –ұстаздың бүгінгі тәлімінде -демекші, біз де осындай ұстаздарымызды әркез мақтан тұтамыз.
Игі бастама аясында ерекше балалар Түркістанға саяхаттады
Түркістан облысы, Ленгер қаласында орналасқан №8 колледжде алғаш рет инклюзия және ерекеше білімді қажет ететін топтар ашылған болатын. Осы жылдың 29 қыркүйек күні аталған білім мекемесінің жатақхана тәрбиешісі Г.Смаилова ерекше білімді қажет ететін топты және ата-ананың қамқорлығынсыз қалаған студенттерді Түркістан қаласына саяхаттауға әкелді. Теңдесі жоқ «Керуен Сарай» кешені, Шығыс базары, мейрамханалар мен этникалық стильдегі қонақ үйлерден тұратын көпфункционалды туристік орталыққа, өзгеде қаланың көрікті жерлерін тамашалаған білім алушылар тарихы тереңде жатқан көне шаhардағы сан ғасырдың куәсі болған қалалар, ғимараттар, кесенелер мен киелі орындарды аралады.
Экскурсия барысында өңіріміздің терең тарихы, мәдениеті, өнері жайлы қызықты да, құнды деректердің куәсі болды.
Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері әрбір экспозицияларды таныстырып, балаларға кеңінен мағұлмат берді. Ал, студенттер сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Естелікке суретке түсті. Саяхат соңында студентер ерекше әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
“Адалдық — адамдық белгісі” бағытында ақпараттық жұмыс жүргізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік органдармен келісілген, 2023 жылға арналған жобалар картасы аясында 28 қыркүйек күні Түркістан облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға, студенттерге арналған сапалы ұрпақ жобасының «Адалдық — адамдық белгісі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Аталған іс-шара барысында Оразкүл Асанғазықызының «Адалдық сағаты» атты видео ролигі қойылып, түсіндірм жұмыстары жүргізілді.
Отырарда “Ұшқыр ой” алаңы ұйымдастырылды
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Дебат қозғалыстары» үйірме жетекшісі Амантай Бағдәулет «Ар-ұят және жауапкершілік» тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру, адам өміріндегі орнын айрықша таныту, адамгершілік пен ар-намыс мәселелерін талқылау мақсатында ұшқыр ой алаңы өтті.
Қай заманда болмасын адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағалану керектігі жайында ойларын ашық жеткізді. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін солғындатып, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жататынығын да ескеріп өтті.
Қорытынды сөзде 8 сынып оқушысы Тәжітай Шапағат өзінің жеке шығармашылығындағы «Адалдық» өлеңін айтып, достарына сәттілік тіледі.
Түлкібастағы білім мекемелерінде оқыс жағдайда іс-қимыл әрекеттерінің алгортимі бойынша оқу- жаттығу өткізілді
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде білім бөлімінің тарих және география пәнінің әдіскері Д.Уразбаевтың ұйымдастыруымен «Террористік актісі орын алған жағдайда немесе күдікті зат табылған жағдайда» іс-қимыл әрекеттерінің алгоритмы бойынша оқу –жаттығу өткізілді.
Мектеп қабырғасында бірінші қабаттың дәлізінде белгісіз зат байқалды. Күдікті затқа жақындамай, адамдарды тез арада қауіпсіз жерге эвакуация жасалды. Белгісіз зат оқшауланды.
Мектеп директоры Г.А.Теньгибаева аудандық білім бөліміне ,101 , 102,103 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалып, хабар берді.
Белгісіз зат құзіретті органға тапсырылды.
Іс-шараға Аудандық ішкі істер бөлімі, Аудандық төтенше жағдай бөлімі және Аудандық жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. Осындай террористік шаралардың алдын алу және күдікті зат табылған жағдайдағы іс қимыл бойынша оқу-жаттығулары барлық білім беру ұйымдарында өткізілді.

Пікір жазу