Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ» ТУРНИРІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ» ТУРНИРІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» турнирінің аудандық кезеңі өтті. Директорлар дебатында нақты тақырып пен арнайы ережелер негізінде мектеп басшылары ой жарыстырып, өздерінің білімділігін, батылдығы мен әдептілігін көрсете білді.
Пікірсайыста жүлделі І орынға ие болған «Ыбырай ізбасарлары» фракциясы – Қ.Қайсенов және Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Каныбекова Алма, Примбекова Нуржамал облыстық кезеңге жолдама алды.
Жүлделі ІІ орынды иеленген «Ынтымақ» фракциясы – Ы.Алтынсарин және С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Акназаров Есенгелді, Акназаров Акмурат иеленді. Жүлделі ІІІ орынды иеленген «Жалын» фракциясы – Әл-фараби және М.Токжігітов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Сундетова Сауле, Омарбекова Сара марапатталды.
Сонымен қатар, аталған дебат барысында номинация алған фракциялар да болды. Атап айтсақ, «Үздік спикер» номинациясымен «Ғалым» фракциясының спикері Абай атындағы ЖББМ директоры Ниязбеков Талғат, «Үздік оратор» номинациясымен «Ұлағат» фракциясының спикері М.Ғабдуллин атындағы ЖББМ директоры – Айнабекова Жанат, «Дебаттық креатив» номинациясымен «Жігер» фракциясының спикері Жамбыл атындағы ЖББМ директоры Сейдалиев Марат, «Ең сенімді ойыншы» номинациясымен «Алғыр» фракциясының лидері А.Тұяқбаев атындағы ЖББМ директоры Алмаганбетов Нуржан, «Ең білімді ойыншы» номинациясымен «Болашақ» фракциясының лидері «Мәдениет» ЖББМ директоры Бейсенбаева Жанар, «Ең тапқыр ойыншы» номинациясымен «Бірлік» фракциясының спикері М.Тұрсын-Заде атындағы ЖББМ директоры Станислав Май, «Ең мақсатты ойыншы» номинациясымен «Жаңа жол» фракциясының лидері Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ директоры Жумабекова Гулбану, Абылайхан атындағы ЖББМ тарих пәні мұғалімі Бегалы Қожахмет «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

Пікір жазу