Түлкібас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша құзырлы мемлекеттік органдармен бірлескен кешенді жоспарды іске асыру негізінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өткізілді.
Форумда ата-аналар, мектептер мен қоғамдық ұйымдардың балаларды тәрбиелеуі, негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешудегі өзара іс-қимылының маңыздылығы талқыланды.
Шараға білім бөлімінің басшысы Ержан Изтайұлы, Түлкібас ауданы прокуратурасының аға прокуроры Закир Юсупов, аудандық полиция бөлімінің ювениалдық полиция тобының полиция майоры Асель Наурызқұлова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Миразизов, Аналар комитетінің төрайымы А.Кузембаева білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, білім беру ұйымдарының ата-аналар комитетінің төраға, төрайымдары және ата-аналар қоғамның өзекті мәселелеріне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар қатысты.
3 бөлімнен жоспарланған форумның алғашқы бөлімінде қатысушылар, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұлттық құндылықтарға негізделген мектептегі үйірме жұмыстарынан ұлттық ойындар «Асық ату», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», «Қол күрес», «Домбыра» үйірмелері жұмыстарымен танысты.
Б.Садықов атындағы ЖББМ Мектеп парламенті жастары «Құқық бұзушылыққа қалай бардым..?» тақырыбында қойылымы форумның мақсатын нақтылай түсті.
Форумға қатысушы спикерлер құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында баяндамалар оқып, кеңестер берді.
Жарыссөзге шыққан, Б.Момышұлы атындағы ЖББМ 11-сынып білім алушысы, мектеп президенті Нұрлыхан Қадралиев, М.Ломоносов атындағы МГ 11-сынып оқушысы Сезім Шингисбек құқық бұзушылықтың орын алу себебтерін айтып, жастарға бос уақытты тиімді пайдалану үшін үндеу тастады.