Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЕҢБЕК – ЫРЫСТЫҢ БҰЛАҒЫ, БАҚЫТТЫҢ ШЫРАҒЫ

ЕҢБЕК – ЫРЫСТЫҢ БҰЛАҒЫ, БАҚЫТТЫҢ ШЫРАҒЫ

Баршаңызды қайта жаңғырған қастерлі мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің мерейін асқақтататын ұлық мейрам.

Ынтымағы жарасқан халқымыз тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қалады. Бүгінде еліміздің тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік деп мақтанышпен айта аламыз. Мұның бәрі Мемлекет басшысы жүргізген жүйелі реформалардың және елдік мұраттың төңірегінде топтаса білген бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі.

Мемлекеттің табысты болуы азаматтарының бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Адам капиталы мықты ел ғана бар қиыншылықты жеңіп шыға алады. Міне, осы тұрғыдан алғанда халқымыз Әділетті Қазақстанды қалыптастыру ісінде елдіктің бірегей үлгісін көрсетіп келеді деп сеніммен айна аламыз.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы жүргізген саяси реформалардың нәтижесінде жергілікті өкілетті органдардың құзыреті мен жауапкершілігі бұрынғыда да арта түсті. Осы орайда, Шымкент қаласының мәслихаты қала тұрғындардың өзекті мәселелерін жергілікті атқарушы биліктің алдына көлденеңінен қойып, бірінші кезектегі мәселелердің дер кезінде шешілуі үшін қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында Шымкент қаласының экономикасы орнықты түрде дамып, халықтың өмір сүру сапасы жылдан жылға жақсарып келеді.

Халқымыздың «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деген сөзі бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша шымкенттіктердің ортақ жеңісі. Қаламызды уақыттың талабына сай өркендетуге тұрғындардың көбі сүбелі үлес қосты. Ұлттық мереке қарсаңында барша жерлестерімізге табанды еңбегі үшін зор алғыс айтқымыз келеді.

Мереке әрбір азаматқа сәттілік, әрбір отбасыға ырыс-ынтымақ пен бақ-дәулет алып келсін. Егемен еліміздің еңсесі биік, аспаны ашық болғай!

Альбина ЕЛШИЕВА,
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

#Республика_күні

 

 

Пікір жазу