Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Түлкібас ауданының білім бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
— мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;
— тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру; — бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Байқау 5 бағыт бойынша өтті.
1. Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу. 2. Махамбет шығармаларын жатқа оқу. 3. Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы. 4. Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы. 5. «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Байқауға қатысқан оқушылар әсіресе Махамбет, Жәңгір хан, Ер Едіге, Қасымхан сынды кейіпкерді таңдай отырып, жинақтаған деректерді жүйелі жан-жақты талдай отырып, тарихи-әдеби, рухани мәнін шығармашылығынан үзінді келтіре отырып, аша білді. Көтерілген мәселенің өзектілігін ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын арнайы дайындаған слайд арқылы көрсете білді.
Сонымен қатар, қуантарлық жайт -ауданымызда жас ақындарымыз көптеп шығуда. Жас ақындарымыз ұсынылған тақырыпқа өз шығармаларын ұсыну кезінде өлеңнің ұйқасына, идеясына аса мән берді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 2023 жылы 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге мына төмендегі шығармашыл оқушыларымыз жолдама алды.
«Ұлы арман» бағыты бойынша С.Сейфуллин ат.ЖОМ 8-сынып оқушысы Жумагул Нұрайлым, «Шашақты найза, Шалқар күй» бағыты бойынша- М.Ломоносов атындағы МГ-ның 10-сынып оқушысы Батырбек Батыйхан, Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы бойынша Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ 11-сынып Ықыласбай Эльза, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша М.Ломоносов атындағы МГ-ның 8-сынып оқушысы Сыдығалы Жания.
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Пікір жазу