Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮЗДІК ТӘРБИЕШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ТӘРБИЕШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан — Республика күніне орай «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы төрайымы Гульнара Тлеубердиева МКҚК «Ақ қайың» бөбекжай бақшасына арнайы келіп, ұжымды Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаеваның және «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы төрайымы Г.Тлеубердиеваның Алғыс хатымен марапаттап, кәсіподақ атынан сый-сияпаттар табыстады.
«Білімді, жан-жақты, қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сондықтан бүгінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып отыр. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы десек, осы балабақшаның жүрегі-сіздер, тәрбиешілер! Бүлдіршіндерге бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы, сіздерсіздер! Еліміздің ертеңі- өскелең ұрпақтарымыздың болашағына, тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, маңызды миссия атқарып отырған сіздердің еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз»,- деп, кәсіподақ төрайымы жылы лебізін білдірді.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

Пікір жазу