Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ!

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ!

Ғалым да, шахтер де бас иетін мамандықтың шыңына шығып, бала тәрибесінің үздік үлгісін көрсете алған ардагер ұстаздар марапат төрінен табылды.
«Марапат өз иесін табады» деген халық даналығы бар. Осыған орай 25 қазан — Республика күні қарсаңында бірқатар ұстаз марапатталды.
Марапат мерейді өсіреді деген осы шығар. Республика күні мерекесі қарсаңында Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №13 А.Навой атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстаздары еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, бала тәрбиелеу, кемелдендіру мақсатындағы еңбектері үшін Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттарды «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайым Г.Тлеубердиева табыстады.
Іс-шарада сөз сөйлеген кәсіподақ төрайымы ұстаздарды 25 қазан — Республика күні мерекесімен құттықтады. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді алдағы келе жатқан еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін танытатын, мемлекеттің құрылу тарихын сипаттайтын күн. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелердің күнтізбесіне ұлттық мереке болып енгізілуін ұсынды. Республика аумағында, оның ішінде ауданымызда Республика күні мерекесінің маңызы мен тарихына арналған іс-шаралар кеңінен аталып өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында еңбектеріңіздің еленіп, марапат иелері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!» — деп ізгі тілегін жеткізді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсенбайевтің Алғыс хатымен Нишанбаев Абдували Абдукадирович, Имамов Шамурат Эргашович, Моминов Эрполат Шаниязович, Абдикадирова Ибадат Юсуфжановна, Назирова Мехринса Хикматуллаевна, Ешметова Мунира Ахмеджановна марапатталды.
Сондай-ақ іс-шара барысында көп жылдар бастауыш кәсіподақ комитеті төрағасы қызыметін атқарып, құрметті демалысқа шығып жатқан Моминов Эрполат Шаниязовичты бар ғұмырын балаға арнап, шәкірттерінің қабілет дарынын ашып, келешекке жетелеп, шәкірт жүрегіне жол таба білгені және кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау және ұжымда еңбек қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек еткені үшін ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен бірге, Сайрам ауданы білім бөлімі №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде ардагер ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапатты табыстауға «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы төрайымы Г.Тлеубердиева арнайы келіп, қоғамдық ортада белсенділігімен қатар білім саласындағы жетістіктері арқылы өскелең ұрпаққа білім беруде жан аямай тер төккен ардақты ардагер ұстаздар Шамбаев Лесбек, Ускенбаев Сапарбай, Мырзатайқызы Урзада, Тайжанова Акку, Ерназарова Салима, Нурашова Калипа, Калдарбекова Улбала Қазақсан Республикасы Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсембаевтің Алғыс хатымен марапаттады.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде шынайы шығармашылық еңбегімен дараланған ардагер ұстаздарымызды бүгінгі марапатымен құттықтаймыз!
Ұлттық ұстанымды биік қойып, ұстаздық қызметте табанды тер төгіп, марапат төрінен орын алған «Ардагер ұстаздарды» әрдайым мақтаныш тұтамыз!

Пікір жазу