Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДЫҚ СТУДЕНТТЕР АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ 

САЙРАМДЫҚ СТУДЕНТТЕР АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ 

Республика күні мерекесіне орай Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ахмаджан Анартаев пен Мухаррам Шайхутдинов аталарымызға Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Г.Балғынбаевтың атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшылығының қатысуымен мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жергілікті колледждердің студенттері — болашақ Отан қорғаушыларымыздың әскери- патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1941-1945 жыл-дарындағы соғыс жайлы әңгіме өрбітті. Отбасының денсаулығын біліп қайттық, аталарымызға жақсы тілектер айтып, алғыс сөздері айтылған кездесу талапқа сай жүргізілді.
Өз кезегінде Таулы-Қарабақ ардагерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері Ахмаджан Анартаев және Мухаррам Шайхутдиновты атаулы мерекемен құттықтап, төсбелгімен марапаттады. Соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан ардагерлері жақсы көңіл-күйді кешті.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Г.Балғынбаев Республика күні мерекесімен бөлімнің жеке құрамын құттықтап, отбасыларына бақыт, денсаулық, жұмыстарына табыстар тілеп, Алғыс хатпен марапаттады.
Ш.Анварбеков,
Сайрам ауданы ҚІЖБ бастығының әскери кызметті насихаттау,
тәрбие және диологиялық жұмыстар жөніндегі көмекшісі.

Пікір жазу