Түркістан облысы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Берікбай Ақмарал Серікбайқызы мектеп мақтанышына айналған оқушы.
Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс — әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды.
Қазақ әдебиеті әлемінде етене ашып ден қойып оқыған алғашқы шығармасы Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» және Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасын жаттап алған. Ақмаралға көптеген шығармаларды беріп, түрлі жарыстарға апарады. Ең алғаш 5-сыныбында «Жұлдызы жанған Астана» жарысында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар түрлі онлайн жарыстарға да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мұқағали оқулары, Абай оқулары жарыстарына қатысып жүлделі орындар алып отырды. Абай Құнанбаевтың “Ескендір” поэмасын жаттап, 6-сынып оқып жүрген кезінде XX Абай оқуларының «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» жарысына қатысып жүлделі ІІІ-орынды иеленді. 9-сынып оқып жүргенде «Мырзашөл таланттары» облыстық онлаин өнер байқауының аудандық кезеңінде «Көркемсөз оқу» бойынша ІІ орын алып «Дарын» Республикалық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткізген «Мырзашөл таланттары» жарысының «Көркемсөз оқу» бойынша І-орын иеленді.