Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Келес ауданы білім бөлімі және Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Ш.Киясова, жетекші маманы М.А.Тағаева аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері мен аспазшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы NҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидада толық көрсетілгені, тамақты дайындау барысында қатаң бақылау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандағы NҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағида талаптарының сақталуы туралы баяндама жасалды.
Семинар соңында жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікір жазу