Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының кезекті іс-сапары Қазығұрт ауданында жалғасты.
Алғашқы аялдама Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Басқарма басшысы білім ұясымен танысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беруді тапсырды. Қазіргі таңда газға ауыстыру жоспарда.
Қазығұрттағы Қызылдихан жалпы білім беретін мекемесіне келген басқарма басшысы аралауды қауіпсіздік шараларынан бастады. Қоршауды қарап, бейнебақылау камераларын түгендеді. Дабыл батырмасын да тексерді. Интернет жылдамдығының баяулығы байқалды. Мектеп директорына тиісті жұмыс жүргізіңіз деп нықтап тапсырма берді.
Келесі “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне ат басын бұрды. Қатты отыннан газға өткен білім ордасында мәселелер жеткілікті. Қауіпсіздік бойынша кей бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. Ішкі әжетхана мәселе бойынша мектеп директорына тапсырма берді. Білім ұясына орталықтандырылған судың келуі де мәселе. 53 жыл бұрын ашылған мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады. Қатты отын қоры жеткілікті, 200 тонна бар.
Басқарма басшысы тек орта білім беретін мектептерді емес, Қазығұрт Дарын мектеп-интернатына да кірді. 2012 жылдан бері қызмет ететін білім ошағында 310 бала білім алады. Жылу жүйесі газбен жылытылады. Спорт залы бір қалыпты болғанымен, бірде-бір күрделі жөндеуден өтпеген. Асханасының жағдайы жақсы. 32 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Қазығұрт ауданындағы сапары барысында “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне де барды. Бірдестен қоршаудың толық аяқталмағанын көрген басқарма басшысы, толықтай орнатқан тіреуіштерін көрді. Жасаған істі өз уақытында аяқтамағанмен қоймай, компания жанына шұңқырлар қалдырған. Келісім шарт бойынша 2023 жылдың 27 қазан күні толық бітіріп, қолданысқа беруі керек еді. Мемлекеттік тапсырыс арқылы “Ақниет Holding” атты компания жеңіп алған. Ғалымжан Сұлтанбекұлы мұндай жағдайды жайдан жай қалдырмайтынын алға тартты.
“Өз ісіне салғырттық танытқан мердігер мекеменің салдарынан мектеп толық қоршалмай қалды. Келісімшартта көрсетілген мерзімде аяқтай алмағандарды заң жүзінде шара көру керек. Қалалық/аудандық білім бөлімдері көрсетілген мерзімде өткізе алмай, 1 күн кешіксе сотқа арызданып, мәселені қайта қайталамайтынындай қылу керек” , — деп тапсырма берді. Аудандық білім бөлімі бұл бойынша 31 қазан күні сотқа арызын тапсырды.
Айта кетейік, “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесі 1970 жылы пайдалануға берілген. 3 корпустан тұратын білім мекемесінің 53 жыл бұрын қолданысқа берген корпусы жарамсыз. Ал, 2002 жылы ғимаратының сыйымдыоығы 170 оқушыны құрайды. Жалпы оқушы саны- 600-ге жуық. Мұнда 242 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Пікір жазу