Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Бірқатар білім ордаларын аралап, техникалық қауіпсіздік, жылыту маусымына дайындығын пысықтады.
Басқарма басшысы алдымен Ордабасы ауданындағы Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. Бірінші кезекте білім ұясының қордағы қатты отынын қарады. Талапқа сай/сай еместігін байқады.
2015 жылы пайдалануға берілген білім ошағындағы қорда 230 тонна көмір бар.
«Төрткүл» жалпы білім беретін мектебіндегі негізгі және қосымша ғимартатты да басқарма басшысы толық аралады. Мектептің қауіпсіздік жағдайын тексерді. Арнайы күзет, қоршау, бейне бақылау, дабыл батырмалары бойынша пысықтады. Қауіпсіздік жасақталған бұл мектеп те қатты отынмен жылытылады.
Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Е.Ерназаров жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеменің басшысына Ғалымжан Сұлтанбекұлы “Келісімшартта көрсетілген уақытта мектептегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, жоғары сапада болу керек. Күрделі жөндеуден өткен әрбір білім ұясы — қатаң бақылауда” ,- деп жеке бақылайтынын жеткізді. Аталмыш білім ордасында 403 оқушы бар. Оның 1-4 сыныптағы 157 оқушы Б.Оңтаев мектебіне 1,2 ауысымда, 5-11 сыныптағы 246 оқушы Тәуке хан мектебіне 2- ауысымда тасымалданып оқытылуда.
Басқарма басшысы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептің балалары уақытша білім алып жатқан Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектепті де қарады. 1-11 сынып бойынша 916 оқушы
Даярлық сыныбы 56 оқушы оқиды. Мектеп қатты отынмен жылытады. Көмір қоры жеткілікті, 288 тонна бар. 16 бейнебақылау камерамен қамтамасыз етілген. Мектеп 1980 жылы берілген. Сыйымдылығы 1276 оқушы. Сондай-ақ, басқарма басшысы мектептің АКТ залын ерекше атап өтті. Себебі мемлекеттен бір тиын алмай, толықтай демешілер тарапынан қолдау тауып, жаңа үлгідегі АКТ залының бүгінгі көрінісіне тәнті болды.
Ордабасы ауданындағы іс-сапар барысында басқарма басшысы «Темірлан» жалпы білім беретін мектебіне де ат басын бұрды. Асхана мен спорт залының жағдайымен танысқан, басқарма басшысы білім ұясының қауіпсіздік талаптарын да пысықтады. Ыстық тамақ 227 балаға тегін беріледі. 3 жыл бұрын пайдалануға берілген мектепте 600 балаға дейін қабылдауға қауқарлы.
Жалпы, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы әр ауданға арнайы барып, қысқы дайындық жұмыстарын қарап, қауіпсіздікке арналған шараларды да қоса тексереді.