Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

Түркістан облысына арнайы келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова бірқатар білім беру мекемесін аралап, жұмыстарымен танысты. Шолу барысында Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өзі ақпаратты таныстырып, жұмыстарды көрсетті. Басқарма басшысы жоспарлы түрде 3 түрлі мектепті таңдап алды. Алдымен жаңадан ашылған мектеп, күрделі жөндеуді талап ететін білім ошағы мен құрылысы жүргізіліп жатқан нысанды ұсынды.
Алдымен Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейіне барып, толық аралап, балалардың жұмыстары көрсетілді. 2021 жылы ашылған білім ордасы жақында ашылса да оқушылары халықаралық, республикалық білім байқауларында жоғары орындардан көрінді. 2022 — 2023 жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының, «Ақберен» шығармашылық байқауының, «Мағжан» оқулары, «Әбіш» оқуларының қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің жүлдегері атанған. Мектеп оқушылары ең беделді олимпиадалардың бірі-Түркия мемлекетінде өткен «XIV INTERNATION AL JLYMPIAD IN ANTALIA» – олимпиадасының жаратылыстану пәндері бойынша «Президенттік» олимпиаданың, «Лингвистикалық», «Алтын түлек», «жалпы білім беретін пәндер» олимпиадасының, түрлі байқаулардың қалалық, облыстық, республикалық кезең жеңімпаздары атанып, қаламыздың, оның ішінде лицейдің мәртебесін көтерді. Түлектеріміз мектеп қабырғасында алған білімдерінің сапасын әртүрлі деңгейлерде өткен пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт, көркемөнерпаз жарыстарында көрсетіп отырды. Жоғары жетістікке қол жеткізген жаңа оқу ордасының көрсеткішіне тәнті болған мәжіліс депутаты бірқатар тәжірибені түртіп алды.
Екінші нысан ретінде Кентау қаласындағы Әлішер Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебіне барды. 1958 жылы салынған нысан күрделі жөндеуді талап етеді. Күрделенген мәселелер қатарында мектеп шатырынан су өтеді толық ауыстыруды қажет етеді. Жылу жүйелері ескірген, толық ауыстыруды қажет етеді. Мектеп едендері, есік-терезелері ескірген, толық ауыстыруды қажет етеді. Су, кәріз жүйелерінінде де кемшіліктер бар. Білім ошағы басқарма басшысы тарапынан бақылауға алынып, келер жылы күрделі жөндеуден өтетін білім мекемелерінің тізіміне енгізілмек.

Пікір жазу