Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік кеңес өтті

Білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік кеңес өтті

Түркістан облысы, Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің жоспарына сәйкес, мұғалімнің шығармашылық жұмысын жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында 2023 жылдың 2 қараша күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл Бекұлықызының ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарының қатысуымен №2 әдістемелік кеңесі өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл – әдістемелік кеңестің мақсаты мен баяндамашыларды таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі Дуйсенбиева Нургуль МИФ бірлестігінің ұйымдастырған бағдарламасымен таныстырып, ұжымды төрт топқа бөлді. Математика пәні мұғалімі Каримова Диана қатысушыларға функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру жолдарымен таныстыру,академиялық тапсырмаларды тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларға түрлендіру дағдыларын дамыту мақсатында «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындау жолдары» тақырыбында баяндама оқып, «Функционалдық сауаттылықтың оқу бағдарламасындағы рөлі қандай?, Тәжірибеге бағытталған тапсырмалардың стандартты тапсырмадан ерекшеліктері?» сұрақтарына нақты мәлімет берді. Физика пәні мұғалімі Қосжанова Гүлнара оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда «Банкомат» әдіс тәсілін көрсетсе, информатика пәні мұғалімі Абдусаттарова Дона мұғалімдерге тиімді ,әрі оңай /learningapps.org/ платформасында жұмыс жасауды үйретті. Екінші мәселе бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Мырзабаева Қалдықыз «Интернет ресурстарының, MS POWERPOINT және тиімді бағдарламалардың негізінде ағылшын тілі сабағында оқу мотивациясын арттыру» тақырыбында өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.Үшінші мәселе бойынша география пәні мұғалімі Мейраш Айгүл «Оқушыларды ғылыми жұмыстарына дайындау, проблемалар және оны шешу жолдары» тақырыбында оқыған баяндамасында ғылыми жұмыстың тиімділігі мен зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдері мен оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдарын баяндады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі Дуйсенбиева Нургуль «Қағаз оркестр» тақырыбында сергіту сәтін ұйымдастырып, ағылшын тілі пәні мұғалімі Мырзабаева Қалдықыз «Құнды қасиеттерді жинау» тақырыбында тренинг өткізіп, МИФ бірлестігінің ұстаздары кері байланыс жасады.
Мектеп басшысы Бапахова Айшолпан Бүркітбайқызы — Қазіргі заманда ақпараттың көптігінен үздіксіз оқу міндетті. Сол себептен әр мұғалім табысты оқушыны дүниеге әкелу үшін өзіндік білім көтеру жоспарынан бастағаны жөн деп есептеймін. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді құралдардың бірі мұғалімдерді шығармашылық қызметке дайындау және оны дамыту, сол арқылы оқушыны шығармашылыққа жетелеу, олардың білім, білік дағды деңгейлерін жетілдіру екенін айта отырып, бүгінгі мектептің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған әдістемелік кеңестің баяндамашыларына өз ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Дирктордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Салмаханова,пән мұғалімдері баяндама оқыған әріптестерге алғыс айтып, «өте жоғары» деңгейде өтті және іс-шараны ұйымдастырып отырған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл Бекұлықызына, мектеп әкімшілігіне, МИФ бірлестігіне алғыстарын білдірді.

Пікір жазу