Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданында ұлттық жоба аясында құрылысы бастау алған мектеп 900 орындық. Жайлы мектептердің айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалармен мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады.
Бүгінгі таңда мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.