Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы ауыл балалары әлі күнге ыңғайластырылған ескі ғимараттарда білім алуда. Ал аудан орталығында оқушылар санының күннен күнге артуынан мектептер жетпей жатыр. Мәселен, Сарыағаш қаласындағы 1200 бала білім алған орта мектеп апатты деп танылып, сүрілген. Қазір ондағы жеткіншектер басқа мектепке қатынап оқып жүр. Шекаралы ауданда жаңа мектептер салу мәселесі қашан шешімін табады? Бұл туралы Қазақстан арнасына сілтеме жассасғ,ан didarbek.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Сарыағаш қаласындағы №2 мектептің оқушылары өткен оқу жылынан бері Толыбай батыр атындағы білім ұясына жайғастырылған. Яғни, 900 орындық ғимаратта екі мектептің балалары білім алуда. Мұнда жеткіншектерді арнайы автобустар тасымалдайды. Ал сыймағандары басқа білім ошақтарына ауысқан. Түрлі қолайсыздықтар болғанымен, шыдауға тура келеді дейді мектеп директоры. Себебі 600 орындық ғимарат үш жыл бұрын апатты деп танылып, онда бала кіргізу қауіпті деп танылған.

Мұхамеджан Қалмұратов,  мектеп директоры:

Балалар сыймайтын еді. Одан кейін үш ауысымдық оқуда оқитын едік. Қасындағы дүкенді жалға алып, бастауыш сыныптың балаларын сол жерде оқыттық. Қазір оқушы саны шын мәнінде азайып кеткен бізде. Себебі тасымал болғаннан кейін, ата-аналардың көбісі көрші мектептерге оқуға берді.

Апатты мектептің орнына қазір «Жайлы мектеп» бағдарламасымен жаңасы салынуда. Тамыз айында басталған нысанның құрылысы келер оқу жылында тапсырылады деп күтілуде. Десе де барлық жағдайы жасалатын білім ұясы 600 орындық емес, 300 балаға лайықталады. Себебі, құрылысшылар мектептің жер көлемі үлкен ғимарат салуға жеткіліксіз деп отыр.

Ердін Есбергенов, құрылыс компаниясының учаске бастығы:

600 орындық, 900 орындық соғу үшін ол жерге 3 гектар, 3,5 гектар жер керек болады. Қаланың ортасында болғандықтан, бізге ешқандай мүмкіншілік болмай тұр. Соның өзінде әрекет жасап, мына тұрған үйлерді, одан кейін оң жақта тұрған үйлер бұзуға жіберіліп, солардың орнына 300 орындықтың көлемін әрекет қылғанбыз.

Ал Жаскешу ауылындағы ыңғайластырылған мына мектеп өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған. 150 балаға лайықталған білім ошағында бүгінде 500-ге жуық оқушы бар. Сынып бөлмелері жетіспеген соң, балаларды кітапханада, акт залында, тіпті дәліздерде оқытуға тура келіп тұр. Дене шынықтыру сабағы тек күн жылы кезде далада өтеді.

Динара Жорабай, оқушы:

Қосымша сабақтарға келгіміз келеді, бірақ оған кабинет жетпейді. Үйірмелерге келгіміз келеді, оған жағдай жоқ.

Дінмұхаммед Кенжебаев, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Оқушының көбеюіне байланысты қазіргі таңда зорға сыйып отырмыз. Арнайы үкіметтен берілген физика не химия деген сияқты жабдықталған кабинеттер жоқ.

Келер жылы бұл ауылдың балалары да жаңа ғимаратқа көшіріледі. Елдімекен іргесінен қазір «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Айта кетейік, өңірде 2023-2025 жылдары ұлттық пилоттық жоба аясында 63 жаңа мектеп бой көтереді деп жоспарланған. Оның 29-ы келер жылы пайдалануға берілсе, қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстарын 2025 жылы аяқталады.

А.Әбілқасымқызы

Пікір жазу