Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бағдарламаның шарапатын көрдім

Бағдарламаның шарапатын көрдім

Қазір жоғары немесе арнаулы оқу орнын бітірген жастардың дипломына сай жұмыс табуы оңай емес. Жергілікті билік тарапынан тиісті қамқорлық көрмеген жас маман кездескен түрлі қиындықтарға шыдай алмай, ауылдық жерде көп тұрақтай алмайды. Сондықтан бірқатары жұмысын тастап кетеді немесе басқа кәсіппен айналысуға мәжбүр болады. Екі қолға бір күрек іздеп, қалаға қоныс аударатындар да аз емес. Алайда, істеймін деген адамға ауылда да жұмыс табылады.
Мен Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Абай ауылында дүниеге келгенмін. Осындағы жалпы орта мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітіріп, 2011-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алдым. Ал, келесі жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша Төлеби аудандық орталық ауруханасына мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Жұмысым өзіме ұнайды. Мұнда қызмет етіп келе жатқаныма қазір 4 жылдан асты. Қызметке кірген кезімде облыс тарапынан 1,5 миллион теңге, ауданнан 0.01% несиемен 4,5 миллион теңге және қайтарымсыз 280 мың теңге алдым. Сөйтіп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының шапағатын көрдім. Мұндай мүмкіндік басқа да жастарға бұйырып, еліне қызмет ете берсе деген тілегім бар.
Ә.ӨСТЕМІРОВА,
дәрігер.

Пікір жазу