Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИГІЛІКТІ ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИГІЛІКТІ ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

Бүгінде өз кәсібін ашамын деген жанға мемлекет тарапынан мол мүмкіндік қарастырылған. Сонымен бірге, соңғы жылдары кәсіп ашып, нәсібін көрсем дейтін азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қолынан келген істі табыс көзіне айналдыруды мақсат еткен жаңатастықтар да қайтарымсыз грант алуда. Әрине, грант екінің біріне беріле бермейді. Бағдарламаға негізінен әлеуметтік осал топтағы азаматтар, көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар тартылады. Қайтарымсыз грант алуға өтініш білдіргендердің ішінде түрлі бағыттағы идеясын жүзеге асыруды ойластырғандар да баршылық.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздегі еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде жаңадан жұмыс орындарын ашу, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекпен азаматтардың қамтылуы, жалпы әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелі орындалуы бойынша Үкіметке пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған.
Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленген болатын. Соның бірі – Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, бизнесті дамытуға, сонымен қоса бәсекелестікті күшейтуге бағытталған. Соңғы жылдары  Төлеби ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашқан азаматтардың саны артып, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды ұтымды пайдаланып келеді.
Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді. Солардың бірі- Төлеби ауданы, Ленгер қаласының тұрғыны Бурибаева Айгуль Жаксыбеккызы. Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған азаматша грантты ұтып алып, үйінен шағын цех ашты. Қайтарымсыз қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып жұмысын бастап кетті. Әзірге өзі ғана айналысып отырған кәсіпкер қолға алған кәсібін алдағы уақытта үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу