Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП БАСТАҢЫЗ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП БАСТАҢЫЗ

Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар бөлінуде. Жыл басынан бері төлебилік 45 тұрғын, оның ішінде 18-35 жас аралығында 8 жас қайтарымсыз грант алып, кәсібінің нәсібін көріп келеді.
Бірінші және екінші лек бойынша грант алуға өтінімдер осы жылғы наурыз және мамыр айларында бекітілген кестеге сәйкес қабылданды.
Мемлекеттік грантқа өтінім қалдырғандардың қатарында Төлебилік тұрғын Басуова Феруза Розматовна аталған жоба арқылы өз кәсібін дамытып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттен алған қаржыға «Жеміс-жидекті пастила өндіру цехын» ашқан.

Пікір жазу