Азиза Абдрасулова Қостанай қаласына Түркістан облысы, Түлкібас ауданынан көшіп келген. Азиза «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы 1 380 000 теңге қайтарымсыз грант жеңіп алады да, гриль, чикен, лаваш дайындайтын құрал-жабдықтар, тоңазытқыш, фритюр сатып алады. Көшіп келгеніне жарты жыл толмаған жас кәсіпкер жаңа ортаның ұсынған өнімдеріне үйреніп, жақсы табыс таба бастағанын да жасырмады. Кәсіп жүргіземін деушілерге мүмкіндіктер көп екенін айтты. Атап айтсақ, бәсекелестік жоқтың қасы, ал халық сұранысы жоғары екенін атап өтті.
Азиза үй кезегіне тұрыпты. Желтоқсан айында мемлекет беретін 4 миллион теңгенің үстіне қалған ақшасын қосып, үй сатып алуға ниетті.
Азиза Абдрасулова мемлекет тарапы уақтылы көмек көрсетіп жатқанына көңілі толады.
© Didarbek.kz