Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.
Түркістан өңірінде кәсіптерін дөңгелетіп, диқаншылықпен отырған еңбек адамдары аз емес. Сондай кәсіпкерлің бірі Төлеби ауданындағы шаруалар жылыжай салып, тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көкөніс егуді қолға алған. Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.
Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 га жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.
Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты — жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу. Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.