Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазақстан халқының саны 20-млн-ға жетті. Бұл қуанышты жаңалыққа орай, аудан әкімі Төлеген Телғараев Төлеби аудандық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, дүние есігін ашқан сәбилерді, аналарын құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
— Төлеби ауданы табиғаты тамылжыған ғажайып өлке. Бұл өңірде дүниеге келген азаматтың асығы алшысынан түсті деуге болады. Құрметті аналар, барлығыңызды ана атануларыңызбан шын жүректен құттықтаймын. Дүниеге сәбидің келуі — өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады. Шаңырақтарыңызды қуанышқа бөлеп, дүниеге келген сәбидің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын. Ер жетіп, сіздердің қолқанаттарыңыз ғана емес, ел тізгінін ұстар азамат болып өсе берсін. Артынан іні — қарындастарын ерте берсін. Әрдайым көз қуаныштарыңыз болып, ең бастысы, қазақтың қызы, ұлы деп атқа лайық болсын!, — деді құттықтау сөзінде Төлеген Тұртайұлы.
Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі екенін айтып, мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән беріп, бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асып, бағдарламалар орындалуда екенін айтты. Айта кетерлігі, 13 қараша күні Төлеби ауданында 3 сәби дүниеге келді. Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев Ленгір қалалық перзентханасында болып, жас босанған аналарды құттықтады.

Айта кетейік, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтаған болатын.«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент Twitter-де.

Пікір жазу