Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖАС МАМАН ҮШІН ТИІМДІ

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖАС МАМАН ҮШІН ТИІМДІ

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Онда ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға ықпал етеді.
«Жастар практикасы» бағдарламасы – арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оны әкімдік аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ұйымдастырады. Бұл бағдарлама жастардың өз мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына жол ашып, келешекте тұрақты жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік береді.
Жалпы, Жұмыспен қамту орталығы аудандағы бірқатар ұйыммен келісімшарт жасасады. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, түрлі компаниялар бар. Алдымен оқу бітірген жастардан қай ұйымға тағылымдамаға барғысы келетіндері сұралады және тілектерін ескере отырып, олар белгілі бір ұйымға тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Сала мамандарының айтуынша, «Жастар практикасынан» өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне сәйкес есептеледі. Бұл ретте «Жастар практикасына» қатысушыға, экология­лық үстеме­ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айлық жалақы төленеді.

Түлектердің көпшілігі практика өткен ұйымда жұмыс істеуге қалады. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты. Егер ол жастар тәжірибесі барысында өзін танытып, жұмысқа тез кірісіп кете алған болса, оған тұрақты қызметкер ретінде қалуды ұсынады.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Жастар практикасы» жобасы жүзеге асырылады, оның арқасында түлектер өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, алғашқы жұмыс тәжірибесіне ие болады.
Бұл көмек көрсету шарасы соңғы 5 жыл ішінде оқуын тәмәмдаған, 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектерге бағытталған.
«Жастар практикасы» бойынша жалақы салықтар мен барлық міндетті төлемдерді есепке алғанда 30 АЕК-ні құрайды, жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Егер сіз аталмыш жобаның аясында жұмысқа орналасқыңыз келсе, онда:
 тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына;
 enbek.kz электрондық еңбек биржасына;
 eGov.kz электрондық үкімет порталына өтінім бере аласыз.
Қажетті құжаттар:
-Жеке басын куәландыратын құжат
-Еңбек кітапшасы (болған кезде)
-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді растайтын құжат.
ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕС:
1. Түйіндемені дайындаңыз:
 Қысқа (1 беттен аспайды)
 Жұмыс пен дағдыларға қатысты маңызды ақпарат
 Сіздің басқа үміткерлерден ерекшелігіңіз қандай екендігі туралы жазыңыз
 Міндетті түрде мәтіннің қатесіз болуын тексеріңіз
 Мәтінді ыңғайлы орналастырып, абзацтар туралы ұмытпаңыз
2. Түйіндемені келесі жұмыс іздеуге арналған сайтта орналастырыңыз: Enbek.kz
Сіздің қалаңыздағы мансап орталығының байланыс деректері enbek.kz сайтында көрсетілген.

Пікір жазу