Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жастар практикасы бағдарламасы – жастарға зор мүмкіндік

Жастар практикасы бағдарламасы – жастарға зор мүмкіндік

Жастар практикасы – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. «Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама.Жастар практикасының ең басты құндылығы — сіздің ең алғашқы еңбек тәжірибесін алуға және еңбек өтілі болуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі.
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған жастардың бірі — Жанысбек Әсел 2003 жылы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласында дүниеге келген.
2019-2023 жылдар аралығында «Мейір-Бейс» жоғарғы медициналық колледжінде мейіргер ісі мамандығын бітірген.
Мамандық иесі Төлеби аудандық «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша Ленгер қалалық ауруханасына жолданған.
Төлеби ауданының жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс жасауға шақырамыз!
ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛА КЕТЕЙІК
Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне бес жылдан аспаса болғаны. Бұған колледж бітірген жастар да қатыса алады.
Жастар практикасына қабылданған жас 12 ай бойы практикада болады. Жастар практикасына жолданған азаматтардың басым көпшілігі сол жұмыс атқарған мекемесінде тұрақты жұмысқа орналасып қалуда.
Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Төлеби аудандық Мансап орталығына келіп жұмыссыз ретінде тіркеледі. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Ол үшін жеке куәлік, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжатымен Мансап орталығына өтініш береді. Жеке басын куәландырғаннан және «Еңбек биржасы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады.
Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жалақы толық мемлекет есебінен жүргізіледі.

Пікір жазу