Жұмыс — күнкөрістің, жан бағудың, отбасын асыраудың қайнар көзі. Үкімет тарапынан бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Мұндай жағдайда азаматтардың жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуіне әбден болады. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалана білгендер ұтады. Ал, есебін тауып, кәсіп ашқандар бір теңгені екі теңге етудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Әрине, әрекет еткендер береке табады. Арасында пайдаға кенеліп жатқандар да аз емес.
Төлеби ауданының тұрғыны Мамедова Луиза 2023 жылы Мансап орталығына жұмыс іздеп келген. Орталық мамандарының кеңесінен кейін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын “Әлеуметтік жұмыс орны” бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік “KAZPLAST” мекемесіне тігінші болып жұмысқа орналасқан. “KAZРLAST ” үлкен көлемде арнаулы жұмыс киім (спецодежда) тігетін тігін шеберханасы.
Луизаның айтуы бойынша:- Тәжірибиесіз келсем де жұмысқа қабылдады. Олар маған бәрін үйретті және осы уақыт ішінде өз шеберлігімді шыңдап алдым. Мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығы- жұмыс тез табылады, одан бұрын таңдау әрдайым мол.
Жұмысқа орналасуға көмектесуін өтініп келген Луизаның бетін қайтармай орталық мамандары шеберханаға жолдама берген. Осы уақыт аралығында бәрін меңгеріп, шебер бола білген. Айта кеткен жөн, жұмыс беруші, егер жұмыскер өзін жақсы жағынан көрсетсе, орын босаған кезде әлеуметтік келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатып, тұрақты қызметке ала алады.
«Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрады. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға басымдық беріледі. Жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысының 35%-ы мемлекет есебінен төленеді. Әлеуметтік жұмыс орын – бұл, жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Мансап орталығымен келісім-шарт негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны. Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Толық ақпарат алу үшін сіздерді Ленгер қаласы, Төлеби көшесі 364/1 ғимаратында күтеміз.
Мемлекет қандай жұмыс орындарына субсидия бөледі және оның мөлшері қандай?
Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді
Ашық НҚА порталында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары жарияланды.
Бұйрық жобасына сәйкес, мансаптық орталықтар ұйымдарға арнап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша субсидияланатын келесі жұмыс орындарын құрады:
қоғамдық жұмыстар;
әлеуметтік жұмыс орындары;
жастар практикасы;
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы;
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы;
«Күміс жас» жобасы.
Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы 224 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оны қалай алуға болады?
«Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысының немесе субсидияның ай сайынғы мөлшерін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мен банк қызметтері ескеріледі», – делінген бұйрық жобасында.
Жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы келесі мөлшерде белгіленеді:
қоғамдық жұмыстар – 20 АЕК-тен (2023 жылы – 69 мың теңге) төмен емес;
әлеуметтік жұмыс орындары – жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды;
жастар практикасы – кемінде 30 АЕК (2023 жылы – 103 500 теңге);
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы – кемінде 30 АЕК;
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – кемінде 30 АЕК.
«Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмыс орындарына орналасқан адамдар үшін:
алғашқы бір жылда жалақы мөлшерінің 70%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
бір жылдан екі жылға дейін жалақы мөлшерінің 65%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
екі жылдан үш жылға дейін жалақы мөлшерінің 60%-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
2023 жылы «Күміс жас» жобасына қатысушыларға қанша субсидия бөлінеді?
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер жергілікті бюджеттер немесе жұмыс берушілердің қаражатынан алынады.
Мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жыл сайын өңірлік комиссиялар белгілейді.
Бұйрық жобасы 21 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған.