Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың жұмыс кестесіне сәйкес, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған қабылдауда аудан басшысы көптеген мәселелердің шешу жолдары мен мерзіміне қатысты түсіндіріп өтіп, азаматтардың пікірлерін тыңдап, ұсыныстарына құлақ асты.
Бірінші Мамыр ауылдық округ тұрғыны Е.Қаржаубаев көпұлтты елді мекенде туындауы мүмкін алауыздықтар жайын сөз етіп, татулық пен бірлікті сақтау бағытында бірлесе еңбек етіп, ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүру қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының тұрғыны О.Сұлтанов балалар арасында футбол ойынын дамыту, жас таланттарды табу, жасы 12 ден жоғары жеткіншектер арасында турнирлер ұйымдастыру секілді ұсыныстарын жеткізді.
Алтынбастау елді мекенінің тұрғыны М.Байтанов ауыз су тапшылығына шағымданып, электр бағаналарының тозығы жеткендігін айтты. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы елді мекенге тіршілік нәрін жеткізу үшін Шымкент қаласы аумағынан арнайы құбыр тарту үшін техникалық құжаттары дайындалып жатқанын түсіндірді.
Көксәйек елді мекені Амангелді көшесінің тұрғыны Н.Досалиев электр жарығының қуаты нашар екенін айтып, құрылысы бітпей қалған электр жүйелерінің жұмысын жандандыруды сұранды. Аталған мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында болғандықтан, бұл бағытта жұмыстар толығымен жүргізілуде.
Төңкеріс елді мекенінің тұрғыны М.Сахов бастаған азаматтар аумаққа ГЭС құрылысын жүргізуге қатысты мәселеге өздерінің пікірлерін жеткізді.
Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Б.Ізбасаров Қасқасу елді мекенінен тіс емханасын салуды жоспарлағанын айтып, арнайы жер бөлуді сұранды.
Қабылдауға келген әрбір азаматты толғандырған мәселелерді жеке-жеке тыңдаған аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы айтылған әрбір арыздың заң аясында шешу жолдарын талқылап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімдігі мен қоғам арасында ашық әрі айқын байланыс арналарын құру көзделген болса, қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі оң жолға қойылып, билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілуде. Қабылдау барысында айтылған әрбір ұсыныс-пікір, өтініштер бойынша атқарылған жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.

Пікір жазу