Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы оныншы кездесуі Кемеқалған ауылдық округі Қарақия елді мекенінде өтті. Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру бағытындағы басқосуда аудан әкімі Төлеген Телғараев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айлық қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Аудан басшысы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, аудан аумағында жүзеге асып жатқан жобалар мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарларламаларды әңгімеледі.
Округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы — 100 % болса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы 89,6 пайызға жеткен. 2023 жылы Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен арнайы қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталды. Жөндеу жұмыстары жуық арада басталады, нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Аудандық бюджет есебінен Шоқалақ көшесін жөндеуге қаржы қаралып, қазіргі кезде мердігер мекеме анықталуда. Төртшал, Қазығұрт көшелері, Абай-Ұйымшыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын КХТЛ-12 жолын жөндеуге қазіргі талапқа сәйкес «Ұлтық сапа орталығының» қорытындысы алынып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Биылғы жылы Қарақия көшесіндегі 14 үйге, 3,5 шақырым табиғи газ құбыры тартылып, көгілдір отынға қосылуда. Ұйымшыл елді мекеніндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 30,1 млн теңге бөлініп, «Ленгір су» мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында толық аяқталатын болады. Қаратөбе елді мекені, Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформаторлық станциядан электр желілерін салу құрылысына 2022 жылға 10,0 млн тг қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Алайда, 2023 жылғы бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржы қаралмаған. Бұл бойынша салалық басқармаға 3 рет хат жолданып, бюджеттік өтінім жолданған. Ал, Ақбастау елді мекені Төртшал, Талдыбастау (Үңгіртас) көшелерінің электр желілерін жаңарту үшін демеушілер есебінен ЖСҚ әзірленіп, салалық басқармаға 2024 жылы қаржыландыру жоспарына енгізілді. Ұйымшыл елді мекенінің Шоқалақ көшесін абаттандыру ісі толығымен аяқталды.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы кездесу барысында округ халқын толғандырған сұрақтарға жауап беріп, проблемалық мәселелердің шешу жолдары мен орындалу уақытын түсіндірді. Кездесуде округ тұрғындары электр жүйелерінің алаңдатарлық жағдайы, дәрігерлік амбулаторияда маманның жетіспейтінін, құрылыс және жөндеу жұмыстарының жайы сияқты басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан бастап долана ағашының заңсыз қырқылғанына дейінгі мәселелерді ашып айтты. Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы бірқатар мәселелерді сол жерде бірден шешіп, ал қордаланып қалған және зерттеуді қажет ететін күрделі проблемалардың кезеңімен мерзіміне орай, шешімін табатынын айтты.

Пікір жазу