Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 2023 жылдың төртінші тоқсандағы тоғызыншы кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Достық елді мекенінде ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында орналасқан округтегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 99,5 % құраса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы — 85,7% жетеді. Биылғы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожамжар, Шойбек датқа көшелеріне бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Нұр сапа» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Наурызым, Сұлтан Бейбарыс, Тұмар, Жасдәурен көшелерінің жол жыбындысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыланбұзған көшесінің 1,3 шақырымын асфальттау үшін сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер мекемені анықталуда. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі «Бадам» өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі үшін құны 11,2 млн.т сметасы әзірленген, алдағы болатын бюджетті нақтылауда қаржы қарауға ұсынылатын болады. Қарауылтөбе, Қорған көшесіндегі 63 үйге 5,6 шақырым газ құбыры тартылып, газды қосу бойынша техникалық шарт алынды. Құбырлар сығымдаудан өткізілуде. «ҚазТарансГазАймақ» АҚ атқарушы техникалық құжатына ИТД нөмірі алынып, биылғы жылы газ іске қосылады. «Ленгір құс» кооперативіне ауыз су құбырын жүргізу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, «Ленгір су» МКК тарапынан құбыр тартылуда. Ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін су құбыры жүргізіліп пайдалануға беріледі.
2023 жылы Қарауылтөбе, Ескіқорған, Жалын көшелеріне жоба бойынша 4 трансформатор, 12,2 шақырым электр желісі тартылып, 155 абоннент сапалы электр қуатымен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Мерей, Береке көшелеріндегі электр жүйелері жаңартылуда. «Шымкентцемент» АҚ демеушілігі есебінен Алимкулов, Бірлік көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. 2023 жылы Сұлтан Рабат елді мекеніне балалар ойын алаңшаларын орнату және қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Халыққа билікке деген сенімін нығайту бағытындағы кездесуде аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініш-тілектер ескеріле отырып, іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Округ халқы тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімі тиісінше жауап беріп, тұрғындар тілегі басты назарда екендігін атап өтті.

Пікір жазу