ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төртінші тоқсандағы сегізінші кездесуі Аққұм ауылдық округінде өтті. Момынай жалпы орта мектебінің акт залында ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Құрамында 3 елді мекені бар ауылдық округтің ішкі көшелерінің жарамдылығы 96,1 %. жетті. 2023 жылы Қапал батыр және Әлі ата көшесі ағымдағы жөндеуден өткізілді Аудандық маңызы бар КХТЛ-16 «Аққұм-Көксәйек» автомобиль жолын орта жөндеден өткізу үшін ведомствалық сараптамалық қорытындысы алынғанан кейін, 2024 жылы бюджеттік қаржыландыруға ұсынылады.
Округ аумағында табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Биылғы жылы Аққұм, Жаңаұйым, Момынай елді мекеніндегі 1968 жылы салынған құбырлар келешекте жаңартуды қажет ететін болғандықтан сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалу іздестіру жұмыстары (ПИР) жасалады. 2024 жылы жобалау-сметалық құжатын (ЖСҚ) әзірленеді. Ақпан батыр көшесіне трансформатор мен электр желісінің құрылысы үшін жобалаушы «Санжар проект» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылады. Ащы, Қырықбаев, Тастөбе көшелеріне демеуші «Шымгеопроект» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Жыл соңына дейін сараптама қорытындысы алынып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Округ аумағының орталық көшелері түнгі жарықпен қамтылған. Жаңаұйым елді мекеніне Алатау Ленгір тас жолынан кіре беріс аркадан бастап түнгі жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ, Тастөбе көшесіне 0,810 шақырым аяқжол салу және суағар жасау үшін алдағы болатын бюджетті нақтылауда қайта қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.
Кездесу барысында округ тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, жол жөндеу, түнгі жарық шамдарын орнату, жайылымдық жер секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге жеке – жеке тоқталып, толыққанды жауап берді. Айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, кездесуде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.