Төлеби ауданында «Мансап» орталығының қызметкерлері қала және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3 тармағын (атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына үміткер өтініш берушілердің мансап орталығы мамандарымен тікелей байланысын болдырмау мақсатында, өтініш берудің электрондық үкімет порталы арқылы беру мүмкіндіктерін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу) орындау мақсатында Төлеби аудандық мансап орталығы филиалының қызметкерлері аудандағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары және аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар туралы сонымен қатар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті электронды үкімет порталы арқылы берудің тиімділігі мен қолайлылығы туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Сұрақтарға атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы жауап берді. Жалпы халықпен кездесу барысында «электронды өтінішті қалай, қай жерде жібереміз» деген сияқты сұрақтар қойылды. Бұл сұраққа бөлім басшысы «өз-өзіне қызмет көрсету орталықтарында немесе компьютерлік қызмет орталықтарында e-gov порталы арқылы электронды цифрлық қол таңбамен өтініш жіберілетінін айтты» және жиналған қауымға видеоролик көрсетілді.
Жиналыс соңында халық «Мансап» орталығының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп сұрақтарына тікелей жауап алғандары үшін алғыстарын айтып кетті.