Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖОҒАРҒЫ АҚСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІМІН ТАПҚАН

ЖОҒАРҒЫ АҚСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІМІН ТАПҚАН

Төлеби ауданы Ақсу өзенінің жағалауынан орын тепкен құрамында екі елді мекені бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде инженерлік-коммуникация жүйелері толығымен шешімін тапқан. Мәдени және Сарқырама елді мекендеріндегі ішкі көшелерінің жарамдылығы –100 %, яғни барлық жолдар жөндеуден өткен. Округ халқы табиғи газбен толық қамтылған, ауыз су мәселесі де жоқ. Электр жүйелері де жаңартылған. «Жарық жол» МКК тарапынан С.Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға, Жанбосынов көшесіне 2,88 шқ түнгі жарық орнатылды. Қазіргі кезде іске қосу үшін құжаттар рәсімделіп, 2,50 шақырым суағар (лоток) орнатылуда. Мәдени елді мекеніне кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаты (ПСД) әзірленген. Басқарма тарапынан құрылысына 2024 жылы қаржыландыру жоспарына бюджеттік өтінім берілгенін хабарлауда.
Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында 4 мәселе көтерілсе, бүгінгі күні барлығының да шешімі табылған. Мәдени ауылындағы 50 орындық «Балбөбек» балабақшасын бала саны артуына байланысты 100 орындықты етіп кеңейтуге байланысты кәсіпкерлермен келіс-сөз жүргізілді.
Кездесу барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Көтерілген мәселелердің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтты. Айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және жылдың аяқталуына байланысты кейбір жобалар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын түсіндірді.

Пікір жазу