Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы тұрғындармен төртінші кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Көксәйек ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы — 95,0 болса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы – 94,0% жеткен. Биылғы жылы округ аумағындағы 10 көше орта жөндеуден өтуде. Баба ата , Жолан, Төлеби өткелі, Досалы би, Әділбеков, Д.Қонаев, Әл-Фараби көшелерінде жөндеу жұмыстаря аяқталса, Алтынбастау, Бәйгел ата көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Бұл жөнінде аудан әкімі Төлеген Телғараев кездесу барысында халыққа баяндады.
Округте табиғи газ мәселесі толығымен шешімін тапқан. Көксәйек елді мекеніндегі ауыз су дебитін көбейту мақсатында Төңкеріс елді мекенінен келетін топтастырылған ауыз су аққысынан қосымша Жолан көшесіне құбыр тартуға 14,1 млн теңге қаржыға сметалық құжаттама әзірленіп, алдағы болатын бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылады. Ш.Қалдаяқов, Амангелді, Әйтеке би, Қазыбекби, Қожамсүгіров, Абдрасилов, Медетбек көшесінде және Жіңішке елді мекені, Тұрсынбай көшелеріне 17,9 шқ кабельдің (СИП) 9,4 шқ тартылып, 601 бағана, 2 трансформатор орнатылды. Мердігер мекеме тарапынан жіберілген олқылықтарға байланысты, түзілген келісім-шартты бұзу жұмыстары жасалуда. Одан кейін жобаны қайта өңдеуден өткізіп (корректировка), құрылысын қайта қаржыландыруға жұмыстар жасалатын болады. Апатты жағдайдағы тозығы жеткен бағаналар «ОЖТ» ЖШС тарапынан қазірше апаты жағдайдағы бағаналар ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
Облыстық маңызы бар (КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент»-36,0 шқ) жолын мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС орта жөндеуден өткізуде. Бүгінге 0,663 шқ аяқжол салынып, түнгі жарық бағаналары орнатылуда. Асфальт салуға дайындық жұмыстары жасалуда. Жоба аясында асфальт салынып біткеннен кейін жол белгілері орнатылатын болады. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Жарық жол» мекемесі тарапынан Жіңішке елді мекенінің 3,1 шақырымды құрайтын орталық көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылды. Қазіргі кезде техникалық шарттар алынып, түнгі жарық іске қосылды. Төлеби көшесін абаттандыруға (түнгі жарық, аяқжол салу) мердігер «Қайнар Транс Ойл» ЖШС тарапынан жұмыстар жасалды. Жіңішке елді мекені, Тұрсынбай және көшесіне суағар (латок) орнатылды.
Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен конкурста «Үлгілі көше» номинициясының жеңімпазы атанған Төлеби көшесінің бойына 12,8 млн теңгеге балалар ойын алаңшасы орнатылды. «Жарықжол» МКК тарапынан Бостан көшесінің түнгі жарық орнатылып, іске қосу үшін құжаттар рәсімделуде.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауыз су, түнгі жарыққа қатысты ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Пікір жазу