Жұмыс берушілер «Жастар практикасы» жобасына қатысып, түлектер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыра алады.
Бір жылдан аса уақыт тіркелеген барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысуға рұқсат беріледі. Басты талап – жұмыс берушінің салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізуі, сонымен қатар жалақы бойынша берешегі болмауы тиіс.
Мемлекет «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмыс істейтін қатысушылардың жалақыларын бір жыл бойы 30 АЕК мөлшерінде субсидиялайды.
Жобаға қатысу үшін enbek.kz порталында электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталығына өтінім беру қажет.
Аталмыш жоба WIN WIN ынтымақтастықтың тамаша мысалы: жұмыс беруші жас мамандарды алып, қызметкерлерге қатысты мәселенің шешімін тапса, жас маман мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып, тәжірибе жинақтайды және тұрақты жұмыс орнына ие болады.
Субсидия берілетін жұмыс орындарына өтінім беру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://enbek.kz/ru/page/creation-of-subsided-jobs