Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Қазақстан Республикасының 2023 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енген «Әлеуметтік кодекстің» негізінде атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №181 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидасына сай және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарымен анықталады.
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысы, белгіленген кедейлік шегінің (44 005 теңге) 70 пайызынан (30 804) аспайтын өтініш білдірген отбасыларға шартты және шартсыз түрінде беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектілігіне:
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімдікті жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек: жалғыз басты және (несмесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда немесе қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.
2023 жылдың 3 тоқсанында Төлеби ауданының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек алуға 483 отбасы өтініш білдірген. Оның 51 өтініш білдірген отбасыға жоғарыда көрсетілген қағидалардың талаптарына сай келмеуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмекке комиссия арқылы бас тартылды. Өтініш берген 431 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Пікір жазу