27-28 қыркүйек күндері Төлеби аудандық «Мансап орталығы» ғимаратында жаңа биздес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттың комиссия отырысы ашық өтті.
Комиссияға бақтарын сынап, бизнес жоспарын қорғап, қайтарымсыз грант алуға келген үміткерлер көп болды. Екі күнге созылған комиссия отырысына 172 адамның бизнес жобасы таныстырылды.
Үміткерлердің басым бөлігі көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарболды. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің іскерлік дағдыны меңгеруіне және жаңа жұмыс орнын құру жоспарына аса мән берді.
Кәсіпкерлікке үміттенгендер сұлулық салонын, автокөлік жөндеу шеберханасын, дәнекерлеу цехын, жартылай фабрикат өнімдерін өндіру цехын, кондитер цехын, жиһаз жасау және тігін цехын ашу, бақша дақылдарын өсіру, жылқы, мал, омарта, құс шаруашылығын ашу бағытында бизнес жобаларын комиссия мүшелеріне ұсынды. Комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына талапкерлердің әрқайсысы әр түрлі дәрежеде жауып берді деуге болады, енді бірі бизнес жобаларын қорғай алмады. Комиссия мүшелері дайындықсыз келген үміткерлердің сағын сындырмай, келесі комиссия отырысына зор дайындықпен қайта қатысуға кеңес берді.
Өткен 1-2 лек бойынша ауданда 45 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант берілген болса, бұл жолы комиссияның ұйғарымы бойынша 45 азаматтың бизнес жобасы оң шешімін тапты. Үшінші лектегі жаңа бизнес идеяларды іске асыратын үміткерлер екі күнде өз жобаларын қорғап шықты.
Оң шешім алғандығы турасындағы хабарлама үміткердің ұялы телефонына sms хабарлама болып түседі.
Айта кетсек, мемлекет қаржысына кәсіп ашқандар жіті тексеріледі. Қаржы алған уақыттан бастап 12 ай бойы мониторинг жүргізіледі.