Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі.
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы 30 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен төленеді.
Талаптар:
35 жастан аспауға тиіс;
жұмыссыз ретінде тіркелу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) ЖОО кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеніне 5 жыл болмау;
меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы.
Бүгінгі күнде Төлеби ауданы Мансап орталығы арқылы осы бағдарламаның жемісін көріп жатқан азаматша Постанова Аулым Бекмұратқызы. 2002 жылы 12 тамызда Төлеби ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Мейір-Бейс колледжіне оқуға түскен. Қолына диплом алып, 09.02.2023 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген. 17.02.2023 жылы » Ясин » емханасына жұмысқа жолдама алып тәжірибие жинап жатыр.
Өз тәжірибесін жинап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасамын деген, оқу орнын аяқтаған жастарды әлі де жастар практикасына шақырамыз!
Мекен жайымыз: Ленгер қаласы Төлеби көшесі 364/1.

Пікір жазу