Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мансап орталығында Павлодар облысынан 5 адамнан құралған делегация келіп, «Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша Төлеби ауданы тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға, Павлодар қаласының Мансап орталықталығының директоры және Баянауыл ауданының әкімі, Тереңкөл ауданы әкімі көші-қон бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының бар екендігін алға тартып, әсіресе дипломы бар жастарды шақырды. Жиын барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды айтып өтті.
Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды:
1. Көшуге арналған субсидия әрбір отбасы мүшесіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш (241500 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.
2. Дипломмен ауылға бағдарламасы (5 100 000 млн теңге 15жылға беріледі) жастарға.
3. Үй алуға сертификат және үйдің 50% соммасы төленеді.
4. 1 жылдық үй жалданған жағдайда, пәтер ақысы төленеді (70000 теңге).
5. Көшіп баруға дайын тұрғын үйлер бар.
6. Әсіресе дипломмен ауылға бағдарламасына мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы камаз, трактор жүргізушілер, дәнекерлеуші қажет екендігін алға тартты.

Пікір жазу