Төлеби ауданына Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданынан арнайы делегация келді. Аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен Ленгер қалалық әкімшілік залында жиналыс өтті. Солтүстік өңірден келген делегаттар аудан тұрғындарына көші-қон бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізді.
Делегация құрамы қоныс аударуға ниетті азаматтарға бос жұмыс орындары бар екенін, дипломы бар жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде және отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді атап айтты.
Жиынға қатыса алмай калған, қоныс аударуға ниетті еріктілер осы байланыс телефондары арқылы сұрақтарын қоя алады.
Мансап орталығының маманы Сулейбеков Ержан 8 775 101 77 99