Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.

Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау,  көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді.

Солардың бірі Әл-Фараби ауданы аумағында өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағы аумақтарын, «Қошқар ата» өзені жағалауын, алаңдағы жол үсті көпірін, «Жер Ана» монументін, аялдамаларды жуу мен тазалау, ағаштардың түбін әктеу, шөптерді ору, абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.

Жалпы, тазалық жұмыстарына 4500-нан астам адам қатысып,, 56 арнайы техника жұмылдырылды,10,6 шақырым аяқ жолды тазаланып, 5500 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 85 м3  қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 м2 құрайтын көше бойы тазаланды,

Іс-шараға қала әкімі — Ғ.Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы -Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – К.Төлебаев, белгілі опера әншісі М.Мұхамедқызы, қоғам белсендісі — А.Бесбаев, «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының жетекшісі – А.Мәуленов, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар, еріктілер және басқа да азаматтар белсенді атсалысты.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу