Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖӨНЕЛТТІ

ШЫМКЕНТ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖӨНЕЛТТІ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек түрлері әлі де жолданып жатыр. Еліміздің әр өңірі шама-шарқынша керек-жарақты түгендеп, батыстықтарға жөнелтуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері де ашылған. Ел басына күн туғанда көмек қолын созудан қаладағы жоғарғы оқу орындары да қапы қалмады. Шымкенттегі Тәшенов университетінің ұйымдастыруымен бес университеттің оқытушы пофессорлары бірігіп бес жүк көлігімен батыс өңіріне гуманитарлық көмек жолдады.
–Қазақстандағы оқу орындары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Біз ол жатағы университетке хабарласып, қазіргі уақытта жеткіліксіз заттардың, керек құралдардың тізімін алдық. Қазіргі уақытта ол жерге киім кешек, азық-түлік, санитарлық қажеттілік заттары, дәрі-дәрмектер жеткізілген. Алайда су тартатын насостар, резеңке етік, құм салатын қаптар, күрек сияқты құрылыс заттары әлі де тапшы екен. Университет қызметкерлері бірігіп, бір күндік жалақымызды аударып, осы аталған тізім бойынша керек жарақтарды алдық. Жалпы әр жүк көлігінде 10-12 тонна гуманитарлық заттар бар. Енді осы көмек күші аман-есен жетіп, халыққа пайдасы тиіп, осы апаттың ертерек сейілгенін тілейміз, – деді Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Қашқынқызы.
Сондай-ақ жүк көлігіне азық-түліктен бөлек 150 көрпе, жастық, көрпеше, балалар жөргегі, құрылыс заттары тиелген.
Айта кетейік, мұнан бөлек Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің басшылығы бұған дейін Арқалық қаласындағы 21 студенттің оқу ақысына 6 миллионға жуық қаражат аударған.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан астам (құны 40 млн. теңгеден астам) гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын. Өз кезегінде ассамблея белсенділері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді. Сонымен қатар, күні кеше Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны оқиғаларының салдарын жою үшін Шымкент қаласынан төрт теміржол эшелонымен инженерлік, жүк тиеуге арналған және басқада техникалар жөнелтілген болатын.

 

Пікір жазу