Бүгін «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданында орналасқан Бәйдібек би ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру, талдарды әктеу, орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына Абай ауданының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ерікті жастар және белсенді тұрғындар атсалысты.
—Абай ауданында акция басталғалы әр жерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы аптада киелі оындарды тұрғындарға дәріптеп, оның аумағын таза ұстауға үйрету мақсатында көптеген ескерткіштер жуылып-тазаланды. Осы аймақтағы мәдени-тарихи нысандарды білсек те, оның тазалығына мән бере бермейміз. Жалпы бұл іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектеліп жатқан жоқ. Акцияның бірден-бір ерекшелігі де осында. Бұл апта киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу болғанымен, қаламыздың әр бұрышы, әр ауласы киелі. Сондықтан қазір ауданда ескерткіштерден бөлек тұрғын үйлердің аулаларында да тазалық жұмыстары жүріп жатыр, — дейді Абай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімінің басшысы Мейіржан Әжиддин.
Бәйдібек би ескерткішінің аумағын тазартуға 200-ден аса адам қатысып, 10-ға жуық техника жұмылдырылды.