Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.
Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.
Қала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы шаралардың тұрғындар жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор.
Айта кетейік, еліміз бойынша « Таза Қазақстан» акциясы барлық жерде жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстарын белсенді жүргізілуде.
5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.
Акция аясында «Таза өлке» апталығы көшелерді тазалаудан басталды. Аялдамалар жуылып, бұзылған жерлері ретке келтіріліп, адамдарға қолайлы жағдай жасалуда.
Сондай-ақ, ағаштардың түптері әктеліп, жол жиегіндегі жиналған топырақтардан тазартылды. Сонымен қатар жол бойына ақ жолақтар сызылып, жолдың жиегіндегі қорғаныш темірлер сырланды.
Президент жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек деген болатын.
Осыған орай шымкенттіктер өлкеміздің таза болуына, тұрғындардың лайықты өмір сүруіне бірлесіп атсалысуда.

Пікір жазу