Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 15 БАЗАРДЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 15 БАЗАРДЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.
Осы орайда, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласы аумағында орналасқан базарлар қайта жаңартудан өтуде. Бүгінде қала аумағында 19 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 7, мамандандырылған – 12.
Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабының 2-3-тармағы базарларды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді және модернизациялауды талап етеді.
Талаптарға сәйкес қала аумағында 19 базар модернизациялауға жатады. Қазіргі таңда қала аумағында орналасқан 15 базардың модернизациялау жұмыстары аяқталған.
«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 га құрайды. Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды.
2024 жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістерден құралған.
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 4,3%-ға артты.
2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала отырып, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Пікір жазу