Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 869 ГА ҚҰРАЙТЫН 5 ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 869 ГА ҚҰРАЙТЫН 5 ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жаңа кәсіпорындар өңір экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Президент өз Жолдауында осы мәселеге басымдық беріп, елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.
2024 жылдың 3 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 13,2 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 85,6 млрд теңгені құрады.
Шымкент қаласында 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн теңгеге 219 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
Бүгінде Шымкент қаласында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды деп күтілуде.
«БОЗАРЫҚ» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 27,1 млрд теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылды.
Бүгінде аталған аймақтың инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Инженерлік-инфрақұрылым желілерінің жалпы құны – 12,6 млрд теңге. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың IV тоқсаны. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Индустриялық аймақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 4,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 85%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
Бүгінде «ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды деп күтілуде.

Пікір жазу