Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕР, ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ЖЕР, ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, билік бұқараға жақын болуы керек, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы бағытта, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ел жағдайымен етене танысып, әр ауылдық округ, әр елді мекен, тіпті әр көше тұрғындарын толғандырған мәселемен танысу мақсатында кездесулер, жеке қабылдаулар өткізуде.
Сәуір айының 10-нан бастап 20-на дейін 1 қала, 12 ауылдық округ халқымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікір, өтініштерін тыңдады.
Халықпен бірге экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалықты сақтап, ағаш егу жұмыстарына белсенді ат салысып, сенбілікке қатысты. Қоғамды ізгі мақсатқа жұмылдыру бағытында көптеген игі істің бастамасында жүруде.
Возможно, это изображение 1 человек
Бүгін, бекітілген кестеге сәйкес, аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әр мәселемен жете танысып, ол бойынша өтініш иесінің, сала мамандарының уәжін тыңдап, шешу жолдарын бірлесе отырып, талқылады.
Қабылдауға келген Мәдени елді мекенінің тұрғыны Ж.Артықов өзінің жұмыс іздеп жүргенін, қазіргі кезде бар тапқанын несие төлеуге жұмсап жүргенін айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудандық Мансап орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алып, атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар екендігін айтып, кеңес берді.
Ленгір қаласының тұрғыны Л.Ахметова екі ұлы, енесі тұрғын үй кезегіне тіркелгенін, кейіннен комиссия шешімімен ұлдары кезектен шығып кеткенін, ұлдарының әжелері қайтыс болуына байланысты тізімнен алынғанын айтып, кезекті қайта қоюға көмек сұрады. Аудан басшысы «Тұрғын үй қатынастары» Заңында көрсетілгендей, өтініші комиссияда қаралатынын айтты.
Ленгір қаласының тұрғыны Ж.Жанаев І мөлтек аудан аумағында қосалқы шаруашылық құрылысы жүргізілгенін, ендігі кезекте аталған учаске мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанына шағымданды. Аталған мәселемен жеке таныс аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы көтерілген мәселе заң аясында шешімін табуы үшін құрылымдық органдармен бірлесе отырып, құжаттар қаралғанын түсіндірді.
Возможно, это изображение 1 человек
Шымкент қаласының тұрғыны Е.Мейрбеков Біркөлік елді мекеніндегі жер учаскесіне қатысты туындаған дау мәселесіне сот шешімі шыққанымен, сот орындаушылары оның орындалуын қадағаламай отырғанына арызданды. Аудан әкімі көтерілген мәселені сала мамандарымен жан-жақты талқылап, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Тасарық ауылдық округінің тұрғыны Д.Оралов бір үйде 4 ұл, келінмен бірге тұрып жатқанын айтып, тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойып, баспана құрылысын жүргізуге жер телімдерін бөлуді сұранды. Аудан әкімі Тасарық ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы үшін арнайы жер телімдері қарастырылғанын, қазіргі кезде жаңа массивте инженерлік коммуникация жүйелері жүргізіліп жатқанын, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін кезекте тұрғандарға үлестірілетінін жеткізді.
Киелітас елді мекенінің тұрғыны И.Абдулаев Бадам өзенін күл-қоқыстан тазартып жатқанына кедергі келтірушілер бар екенін, жылыжай құрылысын бастағанын айтып, жұмыстың орындалу барысымен таныстырды.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Нысанбек елді мекенінің бір топ азаматтары жер дауына қатысты соттың шешімі орындалмай отырғанына арызданды. Аудан басшысы көтерілген мәселемен жіті таныс екенін айтып, сала басшыларына заң органдарымен бірлесе отырып, жұмыс жүргізуді тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу