Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ» тақырыбымен аталып, апталық барысында ардагерлерге, қарттар мен жасы үлкен кісілердің үйлеріне, демалыс орындарына және аула жайларына тазалық жұмыстарын жүргізу ұсынылған, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы орайда, Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінің мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлері, белсенді жастары мен ауыл тұрғындары ұйымдасып, «Батыр бабаларды еске алу» обелиск-тақтасы және саябағы аймағын қоқыстан тазарту мен ағаштарын бұтау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, гүл, ағаш көшеттерін отырғызып, түптері қопсытып, артық шөптер қырқылды.
© Didarbek.kz