Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОҚО ӘКІМДІГІ ОРНАТҚАН КЕРІ БАЙЛАНЫС

ОҚО ӘКІМДІГІ ОРНАТҚАН КЕРІ БАЙЛАНЫС

Үстіміздегі жылдың 8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін WhatsApp мессенджері іске қосылған болатын. Ондағы мақсат – әкімдік пен  облыс жұртшылығы арасында  ашық диалог орнатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешу.

Бүгінде аталған байланыс түрі өзінің тиімділігін көрсете бастады. Қазірдің өзінде WhatsApp мессенджеріне тұрғындар тарапынан жалпы саны 208 сұрақ келіп түскен. Оның 49-на жауап беріліп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігін инфрақұрылымдық мәселелер құрап отыр. Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи газ, 7 тұрғын ауыз су, 34 азамат тұрғын үй кезегін, 10 азамат электр энергиясына қатысты мәселе айтып, шағымданған. Сондай-ақ, 24 азамат жол қиындығын көтерсе, 14 тұрғын қоғамдық көлікке қатысты, 12 азамат қоқыс мәселесі жөнінде  шағымын жеткізген.

Арыз-шағым түсіргендердің басым көпшілігін Шымкент қаласының тұрғындары құрап отыр. Мәселен, келіп түскен 208 сұрақтың 137-сі  облыс орталығының тұрғындарына тиесілі болып шықты. Екінші орында 8  сауал жолдаған Төлеби ауданының тұрғындары тұр.

Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдауға дайындау үстінде. Еске салайық, облыс тұрғындары арыз-шағымдары бойынша мына көрсетілген + 7 702 198 53 23 ұялы телефон нөміріне тіркелген WhatsApp Messenger-ге сауалдарын жолдауына  болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу