Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте ҰОС ардагерлеріне берілетін көмек көлемі артады

Шымкентте ҰОС ардагерлеріне берілетін көмек көлемі артады

Шымкент қаласында 9 Мамыр — Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін көмек көлемі артады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) арттыруды ұсындым. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады.

Сонымен қатар, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге (65 АЕК) алады. Бүгінде Шымкентте осы топқа жататын 18 адам тұрады. Сонымен бірге, кейінгі біржолғы төлемдерге өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнге байланысты ядролық сынақтар салдарынан мүгедек болып қалған, ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 45 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Бұрын бұл төлемнің мөлшері 36 АЕК болатын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап қимыл-қозғалысы қиындаған I топтағы мүгедектердің жеке көмекшілеріне оларды санаториялық-курорттық емделуге алып баруға 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл қаражат жеке көмекшінің санаториялық-курорттық ұйымда болу құнын өтеу үшін жылына бір рет төленеді.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға 36 920 теңге (10 АЕК) төленеді.

Әлеуметтік көмек бір рет беріледі.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап демалыс төлемдері ұлғайтылды: Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне қарай Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге 36 АЕК, ал 2025 жылдан бастап 45 АЕК төленетін болады. Чернобыль атом электр станциясындағы (АЭС) апат құрбандарын халықаралық еске алу күніне орай, Чернобыль АЭС апатының салдарынан мүгедек болған адамдар және олардың мүгедектігі радиациялық әсерге ата-анасының біреуіне 45 АЕК төленеді.

Еске салсақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл сайын азайып келеді. Бүгінде қаламызда екі ардагер тұрады.

Пікір жазу