Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

Тазалықты сақтау – мәдениеттің өлшемі. Көшелер тазалығы, жол жиектерінің жасыл желекпен, жайқалған гүлдермен көмкерілуі, абаттандырылуы баршамыздың қолайлы өмір сүруіміз үшін маңызды. Қала тазалығына жұмылдырылған коммуналдық мекемелер күнделікті өз аумақтарында тазалық шараларын атқарады. Арнайы сенбіліктерде тұрғындар да қала тазалығына атсалысады.
Бүгінгі ТЭЦ 3 аумағанда санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жүргізілді. Оны «Жасыл аймақ» апталығы аясында Еңбекші ауданы мен Шымкент қаласының экология департаменті ұйымдастырды.
Апталыққа «Интеко» ЖШС-нен 5 техника, 60 қызметкер қамтылған. Сонымен бірге «Шымкент цирк» ұжымынан 10-ға жуық мамандар да тазалық жұмыстарына атсалысты.
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық ауциясы басталғалы үш апта болды. Әр апталық белгілі бір тақырып аясында өткізіліп келеді.
Осы апталық «Жасыл аймақ» деп аталады. Онда көшеттер егіліп, ағаш түптері қопсытылып, әктелу қажет.
Дегенмен, тазалық күн тәртібінен түскен емес. Көшеттер мен гүлдер отырығызылып, тазалық жұмыстары да қатар жүруде.
Осыған орай Шымкент қаласының экология департаментінің ұйымдастыруымен және Еңбекші ауданы әкімдігімен бірлесе отырып аудандағы жер телімдерінде тазалық жүргізілетін жерлер анықталып, нәтижесінде барлық аумақ түгел тазартылды.
Абай ауданының аймағында «Жасыл аймақ» апталығы жалғасуда.
Ауданның негізгі көшелердің бойындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару, қырқу, шөп ору, көшет отырғызу, аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.
Әл-Фараби көшесі бойында 100 түп көшет отырғызылды.
Ал сонымен бірге Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында және Темірлан тас жолы, Әл-Фараби көшелерінде, Барыс базары, әуежай мен Ақмешіт аумақтарында тазалық жұмыстары іске асырылды. Тазалық жұмыстарына 11 техника жұмылдырылып, 15 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпы іс-шараға 200-ден астам аудан тұрғындары, 20 кәсіпкерлік нысан, 15 әлеуметтік нысан қызметкерлері қатысты.

Пікір жазу